Жалпы ақпарат

«Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС 2013 жылғы 20 наурызда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы шеңберінде «жасыл» және жоғары коммерциялық экотехнологияларды қолдана отырып, жылжымайтын мүлік объектілерін салу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру және Астана қаласында ЭСКПО-2017 өткізуге дайындық мақсатында құрылды.

  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы аясында «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС «BI Corporation» ЖШС-мен бірлесіп энергия үнемдеу технологияларын қолдана отырып, «Жасыл аймақ» жобасы іске асырылды (2013 ж. 23.01. ҚР Президентінің қатысуымен өткен кеңестің хаттамасы).
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 ж. 28.12. №155 шешімін орындау мақсатында «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесінің 51% - cатылды.
  • 2020 ж. 31.12. қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС қайта тіркелді. Қатысушылар құрамы: «VentKarkaraServis» ЖШС (51%), «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (49 %).