-
Объекті:Шымкент қаласының Абай ауданында 2000 оқушыға арналған «Бозарық» шағын ауданында мектеп құрылысы
-
Тапсырыс беруші:«Samruk - Kazyna Construction» АҚ
-
Құрылыс салушы:«Отау-Строй» ЖШС
-
Жұмыстардың басталу уақыты:
-
Жұмыстардың аяқталу уақыты:
Жоба параметрлері
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Үкіметтің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес, 2000 білім алушыға арналған мектеп салу көзделген.Нысанның құрылысы оқушылардың сабақтары мен демалысы үшін қажетті алаңдары бар мектеп ғимаратын көздейді.Сыныптар тиісті жиһаздармен жабдықталған: интерактивті панель, бор және маркер тақталары, мұғалімдер үстелі, демонстрациялық үстел, үстелдер (парталар), орындықтар, оқу құралдарына арналған шкафтары. Сондай-ақ оқу кабинеттерінің құрамына химия, физика және биология зертханалары, информатика кабинеті кіреді, демонстрациялық музыкалық аспаптарды зерделеу мүмкіндігі бар 2 музыка кабинеті, қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылған АӘД кабинеті, эстрадасы бар акт (көрермен) залы, кітапхана, медициналық үй-жай, 2 спорт залы мен асхана қарастырылған. 2000 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп балаларды қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы жалпы білім беру ортасын жүзеге асыруға қолайлы мектеп болып табылады.
Техникалық-экономикалық көрсеткіш
- Жер участісінің ауданы 5,0308 га
- Құрылыс алаңы 8 686,68 м2
- Ғимараттың жалпы ауданы 22 196,93 м2