Қарағанды облысының Қарағанды қаласында 1200 оқушыға арналған «Голубые пруды» шағын ауданында (№77 мектеп) мектеп салу

  • Объекті:
    Қарағанды облысының Қарағанды қаласында 1200 оқушыға арналған «Голубые пруды» шағын ауданында (№77 мектеп) мектеп салу
  • Тапсырыс беруші:
    «Samruk - Kazyna Construction» АҚ
  • Құрылыс салушы:
    «АN Groups» ЖШС
  • Жұмыстардың басталу уақыты:
  • Жұмыстардың аяқталу уақыты:

Жоба параметрлері

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Үкіметтің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес 1200 білім алушыға арналған мектеп салу көзделген. Нысанның құрылысы демалыс, коворкинг, локерлермен оқу ғимараттарының жайлы кеңістігін қарастырады. Мектепалды, бастауыш мектеп оқушылары үшін және 5-11 сынып оқушылары үшін холл, вестибюль, серверлік, с/у блок, рекреация, әкімшілік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеттері, сондай-ақ жоғары тұрған қабаттармен байланыстыратын баспалдақ көзделген жеке кіру топтары жобаланған. Ауыстырылатын аяқ киімге арналған шкафтар сынып бөлмелерінің жанында қарастырылған. Бастауыш, негізгі, орта мектеп және оқытушылар үшін бөлінген 338 орындық асхана, акт залы 260 орынға есептелген, кітапхана құрамына көпфункционалды оқу залы мен медиатека, 17000 бірлікке арналған сақтау қоры кіреді. 1200 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп балаларды қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы жалпы білім беру ортасын жүзеге асыруға қолайлы мектеп болып табылады.

Техникалық-экономикалық көрсеткіш

  • Жер участісінің ауданы 3,0 га
  • Құрылыс алаңы  6 308,07 м2
  • Ғимараттың жалпы ауданы  12 866,68 м2