Ақмола облысы Целиноград ауданында 1200 оқушыға арналған Қаражар ауылында мектеп салу

  • Объекті:
    Ақмола облысы Целиноград ауданында 1200 оқушыға арналған Қаражар ауылында мектеп салу
  • Тапсырыс беруші:
    «Samruk - Kazyna Construction» АҚ
  • Құрылыс салушы:
    «Казстройподряд» ЖШС
  • Жұмыстардың басталу уақыты:
  • Жұмыстардың аяқталу уақыты:

Жоба параметрлері

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Үкіметтің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес  1200 білім алушыға арналған мектеп салу көзделген.   Нысанның құрылысы мектеп аумағын 2 бөлікке, кіші және жоғары мектеп үшін бөлуді көздейді. Мектеп ғимараты Ж-тәрізді және 10 блоктан тұрады: Л, Е, И, 3 әріптік белгісі бар 3 кіші мектеп блогы және, 3 орта мектеп блогы-А, Г, және Д әріптерімен белгіленген, Ж, Б- 2 блок спорт залдарына арналған, тамақ блогы мен асханаға арналған бір блок - К блогы ретінде, сондай – ақ, акт залы үшін бір блок-И блогы ретінде белгіленген.Мектепке кіру екі жағынан жүзеге асырылады және МТТ үшін пандустар бар. Бастауыш мектеп үшін ашық ойындарға, тыныш демалуға және салтанатты жиналыстарға арналған түрлі алаңдары бар демалыс аймағы қарастырылған. Дене шынықтыру-спорт аймағы бар, оған мыналар кіреді: шағын футбол алаңы, аралас баскетбол-волейбол алаңы, ұзындыққа секіруге арналған алаң, хоккей корты, алғашқы әскери дайындықтың саптық алаңы, ұзындығы 260 метрлік айналмалы жүгіру жолы.

Техникалық-экономикалық көрсеткіш

  • Жер участісінің ауданы 3,1942 га
  • Құрылыс алаңы  6 771,38 м2
  • Ғимараттың жалпы ауданы  12 984,06 м2