Атырау облысы Құлсары қаласының Атырау шағын ауданында 1200 орындық мектеп салу

  • Объекті:
    Атырау облысы Құлсары қаласының Атырау шағын ауданында 1200 орындық мектеп салу
  • Тапсырыс беруші:
    «Samruk - Kazyna Construction» АҚ
  • Құрылыс салушы:
    «Каспийская Кадровая Ассоциация» ЖШС
  • Жұмыстардың басталу уақыты:
  • Жұмыстардың аяқталу уақыты:

Жоба параметрлері

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 1200 білім алушыға арналған мектеп салу көзделген. Нысанның құрылысы демалыс, коворкинг, локерлермен оқу ғимараттарының жайлы кеңістігін қарастырады. Мектепалды, бастауыш мектеп оқушылары үшін және 5-11 сынып оқушылары үшін холл, вестибюль, серверлік, с/ блок, рекреация, әкімшілік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеттері, сондай-ақ жоғары тұрған қабаттармен байланыстыратын баспалдақ көзделген жеке кіру топтары жобаланған. Мектеп құрамында 338 орындық асхана бар, ол бастауыш, негізгі, орта мектеп және оқытушылар үшін бөлінген, акт залы 260 орынға есептелген, кітапхана құрамына көпфункционалды оқу залы мен медиатека кіреді. 1200 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп балаларды қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы жалпы білім беру ортасын жүзеге асыруға қолайлы мектеп болып табылады.

Техникалық-экономикалық көрсеткіш

  • Жер участісінің ауданы 4,047 га
  • Құрылыс алаңы  6 107,45 м2
  • Ғимараттың жалпы ауданы  12 228,42 м2