Астана қаласының Алматы ауданында А 102 және А 104 көшелерінің қиылысы ауданында 2000 орындық мектеп салу

  • Объекті:
    Астана қаласының Алматы ауданында А 102 және А 104 көшелерінің қиылысы ауданында 2000 орындық мектеп салу
  • Тапсырыс беруші:
    «Samruk - Kazyna Construction» АҚ
  • Құрылыс салушы:
    «BIGlobal» ЖШС
  • Жұмыстардың басталу уақыты:
  • Жұмыстардың аяқталу уақыты:

Жоба параметрлері

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Үкіметтің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес  2000 білім алушыға арналған мектеп салу көзделген.  Нысанның құрылысы оқушылардың сабақтары мен демалысы үшін қажетті алаңдары бар мектеп ғимаратын көздейді.Сыныптар тиісті жиһаздармен жабдықталған: интерактивті панель, бор және маркер тақталары, мұғалімдер үстелі, демонстрациялық үстел, үстелдер (парталар), орындықтар, оқу құралдарына арналған шкафтары. Сондай-ақ оқу кабинеттерінің құрамына химия, физика және биология зертханалары, информатика кабинеті кіреді, демонстрациялық музыкалық аспаптарды зерделеу мүмкіндігі бар 2 музыка кабинеті, қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылған АӘД кабинеті,  эстрадасы бар акт (көрермен) залы, кітапхана, медициналық үй-жай, 2 спорт залы мен асхана қарастырылған.   2000 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп балаларды қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы жалпы білім беру ортасын жүзеге асыруға қолайлы мектеп болып табылады.                                                                                                

Техникалық-экономикалық көрсеткіш

  • Жер участісінің ауданы 2,83 га
  • Құрылыс алаңы  6 514,4 м2
  • Ғимараттың жалпы ауданы  21 717 м2